Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысатынын анықталды. 30 маусым күні оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы аталған ақпаратты растады.
Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркіледі. Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына “Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.