Қарағанды облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1256

Қарағанды облысында байланыссыз әдіспен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары. Олар 2021 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан.

Олар есірткіні Telegram әлеуметтік желісі арқылы сатқан.

"Аталған топтың қызметі жақсы ұйымдастырылған. Топтың 10 қатысушысы арасында ұйымдастырушы, буып-түйюші, оператор, дилер, есірткіні тығып жасырушы рөлдері мен функциялары нақты бөлінген. Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі заты тәркіленді, сонымен қатар жалға алынған пәтерлердің бірінде шамамен 3 кг синтетикалық зат (“мефедрон” және “альфа-PVP”), есірткі заттарды орау үшін қолданылатын заттар (электронды таразы, zip қалташалар) тәркіленді", – деп жазылған ІІМ ақпаратында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы бойынша “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау” сотқа дейінгі тергеу жүруде екен. Қылмыстық топ мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу