Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының үш тұрғыны республика өңірлеріне айтарлықтай көлемде есірткі жеткізумен айналысатынын анықтаған.
"Қарасора-2022" ауқымды республикалық операциясы аясында жедел-тергеу шаралары кезінде 34, 39 және 56 жастағы үш ер адам ұсталды. Олардың барлығы Жамбыл облысының тұрғындары. Операция барысында олардан 198 кг марихуана және 6 млн теңгеден астам ақша тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz.
Кейін Алматы және Тараз қалаларында есірткі сатушылардың дәл осы тобынан тағы үш адам ұсталды.
Қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу