Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды

93

Ол интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінген.

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды Фото: polisia.kz

"Қарасора" жедел операциясы кезінде Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеке тінту барысында күдіктіден екі iPhone маркалы ұялы телефон, 200 000 теңге көлемінде ақша, салмағы шамамен 2 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді.

Ал тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек анықталды.

"Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы заңсыз қызметін жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап отырған. Сондай-ақ күдіктінің қала аумағында бірнеше "жасырын орындар" ("закладка") ұйымдастырғаны белгілі болды", – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жалғастыруда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу