Қарағанды облысында ет және сүт өндіру артты

956

Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі көлемінде бұл сала 56%-ды құрайды. 

Қарағанды облысында ет және сүт өндіру артты

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  төрт айда 43,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,8%-ға өскен. Ет өндірісі 3,2%-ға, сүт - 2,6%-ға артты.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сағынжан Апақашовтың айтуынша,  2020 жылға мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,2% өсіммен 211,2 млрд теңге жоспарлануда. Оның ішінде  ІҚМ басы 573,3 мың басқа дейін немесе 4,4%-ға, қой мен ешкі - 1,5%-ға (938 мың басқа), жылқы - 9%-ға (367,4 мың басқа), шошқа - 6,9%-ға (77,2 мың басқа), құс - 2,3%-ға (4 175,8 мың басқа) көбейеді деп  жоспарланып отыр.

Облыста 49 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Биыл тағы сегіз адамның кәсібін ашу жоспарлануда. Жобалар "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ "Сарыарқа" ӘКК арқылы қаржыландырылады. Оларды іске асыру сүт өндірісін және сүт зауыттарының жүктелуін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу