Қарағанды облысында ферроқорытпа зауыты ашылды

2083

Асқар Мамин Қарағанды облысының жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуына қатысып, өңірдің индустриялық нысандарына барды.

Қарағанды облысында ферроқорытпа зауыты ашылды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ферроқорытпалар өндіру зауытының ашылу салтанатына қатысып, тау-кен байыту кешенінің бірқатар кәсіпорнына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР үкіметінің басшысы жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуымен құттықтап, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары технологиялық кәсіпорынның маңыздылығын атап өтті. Жобаның ерекшелігі – "Индустрия 4.0" бағдарламасы аясында өндірістік циклдің жаңа технологиялық әзірлемелерін енгізу.  

Кәсіпорында алғашқы кезеңдерде жылына толықтай экспортқа бағдарланған 180 мың тонна өнім шығару көзделген.

Ферросилицийдің негізгі көлемі Ресейге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа және Еуропалық Одақ елдеріне жеткізіледі. Сонымен қатар, дайын өнім өндіру кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 94%-дан астамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу