Қарағанды облысында өткен тәулікте тұрмыстық газ баллоны жарылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 наурызда ТЖД бөлімшелері 9 рет құтқару жұмыстарына, оның ішінде өртке және жану жағдайларына – 3 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына 6 рет шыққан. Құтқарушылардың арқасында 3 адам құтқарылды, оның 1-і – бала.
"Бұқар жырау ауданы Гагаринское ауылындағы тұрғын үйдің ауласында газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұрмыстық газ баллонынан газ-ауа қоспасы шығып жарылған. Оқиға орнынан күйік шалған 1957 жылғы ер адамның мәйіті табылды. 1966 жылы туған ер адам қолынан 1, 2-дәрежелі күйік алған. Болжам бойынша жарылысқа газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болған", - делінген ТЖД хабарламасында.