Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі

1062

Биылғы жылы Топар және Тихоновка апаттық гидротехникалық құрылыстарына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. 

Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қажетті материалдар қоры жасалды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Өңірде гидротехникалық құрылыстарға баратын жолдар қардан тазартылады. Әр объектіге кәсіпорын қызметкерлері бекітілген. Жоғары дайындық режимін енгізу кезінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады",– делінген хабарламада.

Су тасқыны кезеңінде елдімекендер үшін қауіп төндіруі мүмкін гидротехникалық құрылыстар анықталған. Олардың саны шамамен 50 нысанды құрайды.

Облыстық коммуналдық меншіктің барлық нысандарында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілді. Мамандар су ағызуды тереңдетіп, кеңейтті, өзен арналарынан қоқыс шығарды. Сондай-ақ бөгеттердің жоталарына жартасты топырақ төгіп, тегістелді, су өлшегіш сызғыштар орнатылды.

Сонымен қатар, Саран және Федоров су қоймаларында реттегіш шлюздері жөнделді.

Биылғы жылы Топар және Тихоновка апаттық гидротехникалық құрылыстарына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Сондай-ақ, оларды паспорттау және декларациялау жүргізілетін болады.

Өткен жылы Соқыр өзенін санациялау жұмыстары аяқталды. 2020 жылы Шерубай-Нұра және Топар өзендерін санациялау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу