Қарағанды облысында халықаралық сертификациясы бар геологиялық зертхана салынады

735

Қарағанды облысында халықаралық сертификациясы бар геологиялық зертхана салынады

Қарағанды облысында геологиялық сынамаларды талдауға арналған зертхананың құрылысын жүргізуде. Бұл туралы аймақта геологиялық саланы дамыту перспективалары жөніндегі кеңес барысында "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Халықаралық сертификациясы бар зертхананың құрылысы бойынша жоспарлар бар. Қазақстанда сынамаларды талдау бойынша зертхана бар, бірақ қаржылық институттар олардың мәліметтерін қабылдамайды, өйткені сертификаттаудың халықаралық стандарты жоқ", – деді Ғалым Нұржанов. 
Зертхана Қарағанды облысында салынады, өйткені, бұл орталық аймақ, деді ол. Мұнда барша Қазақстаннан сынамалар жеткізілетін болады. 
Жобаны "Қазгеология" австралиялық компаниямен бірге жүзеге асырады. Алдын ала есептеулер бойынша, жобаның құны - 1,5 млрд. теңгеге жуық. Жоба 2018 жылы іске асырылмақ. 

"Бұл зертхана тағы не үшін керек? Біздің сынамалар шетелге шығарылады деп көбі шағымданады. Ал зертхана барлық мәліметтерді Қазақстанда қалдырып, барлық сынамаларды өзімізде өңдеуге мүмкіндік береді", - деді Ғалым Нұржанов.
"Қазгеология" АҚ мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарағанды облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсаты – шикізат базасын толықтыру. Бүгінде Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев моноқалаларының айналасында онға жуық жоба орындалды. 2017 жылы жұмыстар жалғасын табады.
Сонымен қатар, өңірде бірнеше ірі шетелдік компания кен орындарын барлаумен айналысады. "Қазгеология" АҚ мәліметінше, соңғы үш жылда Қарағанды облысында геологиялық барлауға жұмсалған инвестициялар шамамен 9 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу