Қарағанды облысында халықты жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр

110

Бұл бағытта нәтижесін беріп отырған бастамалар баршылық. 

Қарағанды облысында халықты жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр Фото: Үкімет

Қарағанды облысында жұмыспен қамту саласын дамытуға жіті көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, облыс орталығында Мансап орталығы жұмыс істеп тұр. Мұнда жергілікті халық еңбекпен қамту мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады. Екі қолға бір күрек іздеген жандарға, басқа салаға ауысып, біліктілігін арттыруды көздеген азаматтарға бұл таптырмас мүмкіндік.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, аймақта NEET санатына жататын жастар саны айтарлықтай азайған. Отбасының цифрлық картасы мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 2682 адамға тең. Белгілі болғандай, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің өткізілуі өз нәтижесін берген. NEET санаттағы 73 жас тұрақты жұмысқа тұрған. Тағы  421-і басқа да механизмдер арқылы еңбекке тартылды.

Жастарды жұмыспен қамтудағы маңызды жобалардың бірі – "Жасыл ел".

"Соңғы жылдары оның ауқымы айтарлықтай кеңейді. Егер 2023 жылы жобаға 1000 адам қатысса, 2025 жылы олардың саны 2060-қа жеткен. Сонымен қатар атқарылатын жұмыстардың географиясы да кеңейген. Енді жоба қатысушылары тек қалалық саябақтарда ғана емес, 55 мектептің аумағында және өнеркәсіптік кәсіпорындарда да еңбек етуде. Нәтижесінде 700 гектардан астам аумақ тазартылып, шамамен 1500 тонна қоқыс жиналып, 1500 ағаш отырғызылды", – деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Осы тұста айта кету керек, инклюзивті бағыт та назардан тыс қалған жоқ. 

Сонымен қатар өңірде жұмыс процесін QR-код арқылы тіркейтін цифрлық жүйе енгізілген. Арнайы платформа арқылы жұмыс уақыты автоматты түрде есептеліп, нысандардағы жұмыстар онлайн режимде бақыланады. Бұл өз кезегінде жалған есептің алдын алуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу