Қарағанды облысында індеттің таралуы тоқтады

420

Аурудың таралуы соңғы күндері 0,5%-дан аспаған.

Қарағанды облысында індеттің таралуы тоқтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдан хабардар етті. Оның сөзінше, ауру өршіген кезде тәулігіне 2,5 мыңнан астам жедел жәрдем шақыру тіркеліп отырған.

"Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында эпидемияның таралуын тоқтатуға мүмкіндік туды. Облыс көлемінде науқастану көрсеткіші соңғы бірнеше тәулікте 0,5%-дан асқан жоқ. Ал республика бойынша орташа көрсеткіш 0,7%-ды құрайды. Карантин кезінде облыста 9714 адам індет жұқтырды. Сондай-ақ, тәулігіне 2,5 мыңнан астам жедел жәрдем шақыру тіркеліп отырды. Маусым айының соңында күн сайынғы осындай медициналық көмекті шақыру 200-ге дейін төмендеді. Барлық күштерді жұмылдырудың арқасында, сәуір-маусым айы аралығында коронавирус инфекциясын емдеу үшін облыс бойынша 44 госпитальдің жұмысы ұйымдастырылды. Жедел жәрдем бригадалары саны 105-тен, 135-ке дейін көбейді. Індетті анықтауға арналған тестілеу де алты есе өсті. Облыстың барлық қаласында қуаттылығы тәулігіне 4,5 мың болатын ПТР тестілеу орталықтары ашылды", – деді Жеңіс Қасымбек.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу