Қарағанды облысының Сарытерек ауылдық округіндегі "Ақшағыл" қыстау аумағында ірі қара малдың пастереллезбен ауыруына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пастереллез ауруы жоғары жұқпалылықпен және тез өршуімен сипатталады. Ірі қара малда ауру температураның күрт көтеріліп, жем-шөптен бас тарту, ісіну тыныс алудың қиындау белгілерімен байқалады.
Ауру жануарлар арасындағы тез таралады және жедел ветеринарлық шараларды қажет етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу