Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды

158

Компания сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды Фото: canva.com

Қарқаралы ауданының прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алтай Полиметаллы" ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.

Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады.

Нәтижесі кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.

"Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі дептанып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.

Сонымен қатар, сот орындаушысы Серіктестіктіңағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты", - делінген Қарағанды облысы прокуратурасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу