Қарағанды облысында қайтыс болған науқас нотариус болып жұмыс істеген

1171

Коронавирус жұқтырған 2 адам жұма күні ауруханадан шығарылуы мүмкін. 

Қарағанды облысында қайтыс болған науқас нотариус болып жұмыс істеген

Қарағанды облысында қайтыс болған науқас нотариус болып жұмыс істеген, деп хабарлады Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенова. 

"30 наурыз күні ауруханаға 1958 жылы туған азамат келіп түсті. Мамандар хаттамаға сәйкес жұмыс істеді. Оған дәрігерлер барлық қажетті ем шараларын жасады, көмек көрсетті. Алайда оның жағдайы нашарлай берді. Бұған дейін науқас нотариус болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде облыстағы өзге 13 адамның жағдайы тұрақты. 2 науқас ауруханадан осы жұмада шығарылуы мүмкін", – деді Бибігүл Төлегенова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу