Қарағанды облысында қайықтан құлап кеткен балықшы іздестірілуде

520

Іздеу жұмыстарының жүргізілгеніне бір тәуліктен асты. 

Қарағанды облысында қайықтан құлап кеткен балықшы іздестірілуде

21 қазанда Қарағанды облысындағы су қоймаларының бірінде 2 балықшы отырған қайық аударылып кеткен. Балықшылардың біреуі құтқарылды, ал екіншісі әлі іздестірілуде, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сәйкес, 21 қазан сағат 14:45-те Абай ауданындағы Шерубай-Нұра су қоймасында, жағадан 500 метр қашықтықта 2 балықшы отырған қайықтың аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, балықшылардың бірін құтқарды. Ер адамды жедел медициналық жәрдем бригадасы алып кетті. Екінші балықшы іздестіріліп жатыр.

Қайықтың қатты жел салдарынан аударылғаны анықталды.

Ақпаратта көрсетілгендей, балықшылар құтқару кеудешелерін кимеген болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу