Қарағанды облысында карантин шарасы күшейтіледі

1012

Облыс аумағында короновирустың тіркелу деңгейі 7 пайызды құрады. 

Қарағанды облысында карантин шарасы күшейтіледі

Қарағанды облысында короновирус сырқатының белең алуына орай 13 маусымнан бастап шектеу шаралары жүзеге асады. Қоғамдық және сауда орындарының жұмыс істеу уақыттарына шектеу енгізіледі. Автобустар таңертең алтыдан онға дейін, кешкі уақыттарда сағат бестен тоғызға дейін ғана жүреді. Жеке көлікпен кешкі сағат 23.00 ден кейін жүруге тыйым салады. Қарағанды билігі кесел деңгейі өршіген соң осындай қадамға барған. Бүгінгі таңда облыста короновирус сырқатының тіркелуі 7 пайызды құрап отыр. Қарқаралы ауданы, Шет ауданындағы Жарық елді мекені мен Жезқазған қаласының санитарлық зонасы белгіленіп, блок бекеттер қойылады.

"Тұрғындар оқшаулану және санитарлық режим талаптарын бұзуды тоқтатар емес. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қойған талабына сай, өңірде сырқаттың тіркелу деңгейі 7 пайызды құраса,  карантиндік шара күшейтіледі. Бізде бұл көрсеткіш 7,3 пайызды құрап отыр. Құрметті облыс тұрғындары,  осындай қиын кезде өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін барлық шараны сақтап жүргендерге алғыс білдіремін. Дегенмен төзімділік танытуларыңызды сұраймын.  Бұрынғы алаңсыз өмірімізге оралу тек қана өз қолымызда екенін ұмытпайық", – деді облыс тұрғындарына мәлімдеме жасаған аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

Ал короновирус сырқатын жұқтырып, үйде оқшауланған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің денсаулығы жақсарған, келесі аптада жұмысқа шығады.

9 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында короновирус жұқтырғандар қатары 1238 адамға жеткен. Алты адам сырқат салдарынан көз жұмды. 530 науқас сырқатынан  сауығып шықты.

Арайлым Еркебаева

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу