Қарағанды облысында қарттар үйінде ұрлық жасағандар ұсталды

821

Күдіктілер затты көлікке тиіп алып кеткен.

Қарағанды облысында қарттар үйінде ұрлық жасағандар ұсталды

Осакаров ауданындағы қарттар үйінен кір жуғыш машинаны ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Polisia.kz дерегінше, биыл 12 қаңтарда Осакаров аудандық полиция бөліміне аудандағы қарттар үйінен белгісіз біреулер кір жуғыш машинасын ұрлап кеткені туралы арыз түскен. Шығын көлемі – 600 мың теңге. Оқиға орынына жедел тергеу тобы жіберілген.

"Полицейлер күдіктілердің бұл затты қалай ұрлағанын назарға алған. Куәгерлерден жауап алу барысында ұрлық болған күні қарттар үйіне бірнеше көлік келгені анықталды. Криминалды полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы және 52 жастағы ер адам ұсталды", – деп жазылған хабарламада.

Жауап алу барысында күдіктілер қарттар үйіне азық-түлік апарғанын, кетер кезде көлікке кір жуғыш машинаны салып алғанын мойындады.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабына ("Ұрлық") сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу