Қарағанды облысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

565

Қарағанды облысында "Кәсіпкер" жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталды.  

Қарағанды облысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі Фото: ulysmedia.kz

Оған сәйкес, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры "Банк ЦентрКредит" АҚ қаржы ұйымына 300 млн теңге сомасында қаржы орналастырды. Несиелеу бағдарламасы аясында аталған банк арқылы бизнес субъектілері кредит рәсімдей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, "Кәсіпкер" бағдарламасы жеңілдетілген несие беру бойынша аймақтық бағдарлама. Ол Қарағанда облысында тіркеліп, аймақта экономиканың басым салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Осы бағдарлама аясында берілетін несие шарты мынадай:

Несиенің ең көп сомасы: 50 млн теңгеден аспауы тиіс;

Несие мерзімі:

инвестиция үшін – 5 жылдан аспауы тиіс;

айналым қаражатын толтыруға – 3 жылдан аспауы тиіс.

Кәсіпкерлер аталған несиелеу бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Қарағанды қаласында орналасқан "Даму" қорының филиалынан ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу