Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытуға өңір басшысының гранты конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

273

Конкурсқа қатысуға 18 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) кәсібін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер жіберіледі. 

Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытуға өңір басшысының гранты конкурсына өтінімдер қабылдау басталды Фото: Max Polyakov

Биыл бар-жоғы 50 бизнес-идеяны қолдау жоспарлануда. Бір грант сомасы – 2 млн теңге.

Конкурстық өтінімдерді іріктеу кезінде комиссия мүшелері келесі шарттарды ескереді:

  • бизнес-идеяның өзіндік ерекшелігі;
  • бизнес-жобаны іске асырудың нақты жеріндегі тауарға/қызметке нарықтық сұраныс деңгейі;
  • бизнес-жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің тәжірибесі/біліктілігінің болуы;
  • жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті.

Гранттарды бөлу кезінде басымдық жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және жұмыссыздарға берілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін мына мекенжай бойынша орналасқан фронт-кеңсеге өтінім беру қажет: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, каб. 135 (жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы).  Өтінімдер 2023 жылғы 20 қарашада сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

  • Барлық қажетті ақпаратты "Телеграмнан" сілтеме арқылы алуға болады https://t.me/qoldau09.
  • Байқау туралы толығырақ мына нөмірлер бойынша білуге болады: 8-701-122-24-63, +7 - 775-776-83-75.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу