Зауыттың қуаттылығы жылына 5 мың тонна катодты мыс шығаруға жетеді. Жоба бойынша инвестиция сомасы 140 тұрақты жұмыс орнын құрумен 11 млрд теңгені құрады. Инвестор инвестициялық келісімшартқа KAZAKH INVEST көмегімен қол қойды.
Салтанатты ашылуда Иран тарапынан "Kavand Nahan Zamin" компаниясының бас директоры Алиреза Мохсен Зияйя, "Iranian Mines and Mining Industries Development and Renovation Organization" басшысы Ваджихолах Джафари, Ириннің Қазақстандағы Елшісі Маджид Самазаде Сабер және "Irkaz metal Corporation" компаниясының бас директоры Али Самарех Хашеми құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстандық тараптан Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова, Қарағанды облысы Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму Басқармасы басшысының орынбасары Андрей Уманцев және Қарағанды облысы бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Мәди Исекеев сөз сөйледі. Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары қарқын алуда. Ағымдағы жылдың маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға сапармен барды, онда біздің елдеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын келісімдерге қол қойылды.
Маңызды келісімдердің бірі – Иран азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізу. Қазірдің өзінде ирандық кәсіпкерлер бұл артықшылықты толық пайдалануда, ирандық компаниялардың Қазақстанға сапарлары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.