Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы жаңа зауытта жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс шығарылмақ, деп жазады inbusiness.kz.
Гидрометаллургия зауытын салуға 2 жыл уақыт кеткен.
"Борлы кен орнындағы "Irkaz Metal Corporation" ЖШС өз жұмысын бастады. Катодты мыс SX-EW инновациялық технологиясы бойынша шығарылады. Бұл гидрометаллургиялық процесс Қазақстанда соңғы 10 жылда қолданылып келеді. Оның бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Мәселен, зауыттар салу үшін үлкен шығындарды қажет етпейді, катодты мыс өндіруде өзіндік құны төмен, кедей кендердің қорларын пайдалануға болады", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу