Қарағанды облысында кенші мерт болды

1122

Бұл шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға тиесілі.

Қарағанды облысында кенші мерт болды

Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өндірістегі жазатайым оқиға 235 шахтадағы №1 штректе болған. Тергеу органдары аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғанын анықтау үстінде. Бұл шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға тиесілі.

«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу