Қарағандылық бұрынғы кеншілер жұмыс берушіден әрқайсысына 1 млн теңгеден астам өтемақы беруін талап етуде, деп хабарлайды 24.kz.
11 зейнеткер Теміртау қаласының сотына ұжымдық келісімшарт бойынша бір жолғы жәрдемақы төлеуге байланысты арыз түсірген. Құжатқа сәйкес бұл төлем мүгедектер мен жұмыскерлерге зейнетақының орнына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған жағдайда берілуге тиіс. Алайда жұмыс беруші тарап оны орындаудан бас тартып отыр. Арыз білдірген кеншілер жұмыстан өз еркімен кетіп, ол үшін арнайы төлемақы алған.
"Бұл келісімге олар ерікті түрде қол қойғандықтан өзге төлем қарастырылмайды", – дейді компания өкілдері.
Қазіргі уақытта сот отырысы басталып кетті.
"Бұл бас тарту талапкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін өрескел бұзып отыр. ҚР Еңбек кодексінің 158-бабының 2-тармағында көзделген, яғни ұжымдық шарт заңды күшіне қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және ол тараптармен орындалуы міндетті", – дейді заңгер Шыңғыс Әлиев.