Қарағанды облысында кісі өлтіруге оқталғаны үшін төрт күдікті ұсталды

282

Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.  

Қарағанды облысында кісі өлтіруге оқталғаны үшін төрт күдікті ұсталды Фото: Полиция департаменті

Ақадыр кентінің тұрғынына қатысты атыс қаруын қолданып кісі өлтіруге оқталу күдігі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 28-47 жастағы төрт ер адам ұсталды.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде, - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

31 наурызда Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне аяғынан атыс жарақатымен жергілікті тұрғын жүгінді. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу