Қарағанды облысында көктайғақта дрифт жасаған 3 жүргізуші жазаланды

241

18 бен 21 жас аралығындағы үш жүргізушіге айыппұл салынды.

Қарағанды облысында көктайғақта дрифт жасаған 3 жүргізуші жазаланды Фото: gov.kz

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолда дрифт жасап, жол қозғалысы ережелерін бұзған үш жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Абай ауданына қарасты Топар кентінде болған. BMW және Volkswagen маркалы көліктерді басқарған 18 бен 21 жас аралығындағы үш жүргізуші қауіпті маневр  жасаған.

Оларға қатысты ұсақ бұзақылық және маневр жасау қағидаларын бұзу деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен жүргізушілерге айыппұл салынды.

Қазір өңірде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция жол қауіпсіздігін күшейтілген режимде бақылап отыр. Республикалық маңызы бар автожолдарда тәулік бойы 50 автопатруль мен 100-ден астам полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар Қарағандыдан Алматы бағытына қарай жазғы дөңгелекпен шыққан 30-дан астам көлік тоқтатылып, жүргізушілері кері қайтарылды.

Бұдан бөлек, полиция республикалық маңызы бар автожолдарға 23 тексеру жүргізді. Нәтижесінде жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мекемелерге 16 ұйғарым беріліп, талаптарды тиісінше орындамаған бес мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және көлік дөңгелектерінің маусымға сай болуына шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу