Көліктен жалпы салмағы 266 келі болатын 13 қап марихуана тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу