Қарағанды облысында колледж 100 жылдық мерейтойын атап өтті

752

Қарағанды облысындағы Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.     

Қарағанды облысында колледж 100 жылдық мерейтойын атап өтті Фото: gov.kz

Колледж ардагерлері мен мереке қонақтары мерейтойлық медальдармен марапатталды. 9 студентке атаулы стипендиялар берілді.

Оқу орнының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарының басында Қарқаралыда уездік қазақ педагогикалық техникумының ашылуымен тығыз байланысты. Оның құрылуының бастамашысы еліміздің алғашқы математигі әрі профессоры Әлімхан Ермеков болатын.

"1949 жылы Абай атындағы Қарқаралы педагогикалық училищесі қазақ бөлімшесінің құқығымен Қарағанды облысының педагогикалық училищесімен біріктірілді. Қарағандыда үй-жайлардың жетіспеуіне байланысты 1952 жылы оқу орны Саран жұмысшылар кентіне ауыстырылды. 1969 жылы 515 орындық төрт қабатты мектеп пен жатақхана ғимаратының құрылысы аяқталды. Білім ордасының тарихында 1997 жыл ерекше орын алады. Саран педагогикалық колледжі Қарағанды химия-технологиялық колледжімен біріктіріледі. Техникалық қате салдарынан Абай атауы "жоғалады". 2005 жылы Саран гуманитарлық-техникалық колледжіне қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың есімі қайта берілді. Ал 2020 жылы атауға "жоғары" сөзі қосылды", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кету керек, оқу орнында 1400-ден астам студент білім алады, 116 педагог жұмыс істейді. Бүгінде оқыту 13 мамандық бойынша жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу