Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар аударылып қалды

1428

Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар аударылып қалды

Қарағанды облысынан 50 шақырым қашықтықтағы Жастар елді мекеніне жақын маңда көмір тиелген 7 жүк вагоны рельстен шығып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 15 қазанда таңертеңгі мезгілде орын алған. Ауа температурасының төмендеуінен, рельске мұз қатқан. Әрбір вагонда 60 тоннадан көмір болған.

Нұра теміржол учаскесінің бригадасы жолды көмірден екі күн бойы тазартқан. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын құзырлы мекеменің мамандары анықтап жатыр.

BNews.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу