Қарағанды облысында көмірден тыңайтқыш өндіріле бастады

429

Өнім ауыл шаруашылығында сұранысқа ие болады деп болжануда.

Қарағанды облысында көмірден тыңайтқыш өндіріле бастады Фото: gov.kz

Қарағанды облысында, Шұбаркөл кен орнында ауа райының бұзылуына және тотығуына байланысты өнеркәсіптік пайдалануға жарамсыз көмірлерді пайдаға жарату тәсілін ойлап тапты. Бұрын оларды құр үйінді етіп, сыртта сақтайтын. Енді олар тыңайтқыш ретінде қайта өңделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол үшін "Батыс" разрезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы салынды. Оның қуаты – бір ауысымда 1,5 тонна гуминді тыңайтқыш өндіріледі. Алдын ала ғалымдармен бірлесіп үлкен жұмыс атқарылды. Өнімді өнеркәсіптік ауқымда өндіру және оны Қазақстан нарығында өткізу үшін барлық қажетті құжаттар алынды.

– Бұл өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі маңызды экологиялық жоба, өйткені бұрын тозған көмір үйінділер ретінде жинақталған болатын. Гуминді тыңайтқыштар – бұл табиғи органикалық заттардан – гуматтардан тұратын препараттар. Оларды барлық дерлік дақылдарды өсіруде қолдануға болады. Олар дақылдардың қалыптасуына, өсуіне және нығаюына оң әсер етеді, – деп түсіндірді "Шұбаркөл Көмір" АҚ ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының менеджері Елена Мартынова.

Көмір кәсіпорны көктемгі ағаш отырғызу кезінде өзінің жаңа өнімдерін пайдаланды. Компания Нұра ауданы Шұбаркөл ауылын және Қарағанды облысының басқа да елді мекендерін көгалдандыруға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу