Қарағанды облысында көмірмен қамту 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады

684

Қарағанды облысында көмірмен қамту 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады

Қарағанды облысында жылыту маусымында дүрлігу орын алмау үшін халықты көмірмен қамту мәселесін алдын ала ойластыру басталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық әкімдікте көмір шығарушы кәсіпорындар, "Қазақстан темір жолы" өкілдері және көмір сатушылардың қатысуымен кездесу өтті. Қол жеткізілген шешімдер туралы аппараттық жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді. 

"Жалпы облыс бойынша 2018-ші жылы көмір өндіру көлемі 38 млн тоннаға дейін барады деп жоспарлануда. Тұрғындарға арналған коммуналды-тұрмыстық көмірді түсіру ағымдағы жылы 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Барлығы облыста коммуналды-тұрмыстық көмірді түсіретін алты негізгі жеткізуші бар. Ең көп сұранысқа ие Шұбаркөл көмірі халық үшін биылғы жылы 13,4%-ға дейін ұлғайтылады", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, қазіргі таңда облыстың қалалары мен аудандарына көмір жеткізудің бірыңғай кестесі құрылып жатыр. 
"Біздің негізгі міндетіміз аудан әкімдерімен бірігіп, маусым айынан бастап жылыту маусымына қажетті көмірді уақтылы жеткізудің жүйелі жұмысын бастау болып табылады", - деп атап өтті Алмас Айдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу