Қарағанды облысында қосымша орман өрт сөндіру станциялары құрылады

675

Қазіргі таңда облыста 4 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. 

Қарағанды облысында қосымша орман өрт сөндіру станциялары құрылады Фото: gov.kz

Қарағанды облысындағы Қарағанды және Ақтоғай орманшылықтарында 5 орман өрт сөндіру станциясын ашу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жалпы өрт сөндіру орман станциялары жетіспейді. Орман шаруашылығы мекемелері, ұлттық табиғи парктер техникамен және жабдықтармен жарақтандыруды талап етеді. Бұл жаз, әсіресе тамыз-қыркүйек айларындағы жағдайда айқын көрінді. Табиғи өрттермен күресуге үнемі дайын болу қажет", – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, өрт қауіпті кезеңде барлығы 322 табиғи өрт пен жану орын алған. Қарқаралы мен Бұқар Жырау аудандарында орман өрті жиі тіркелген.

Соңғы бес жылда Қарағанды облысында 45 өрт сөндіру бекеті құрылған. Олар 50 мыңға жуық адам тұратын 82 елді мекенде жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу