Қарағанды облысында құлдықта жүрген ресейлік құтқарылды

1025

Қарағанды облысының Шет ауданында Ресейдің 44 жастағы азаматы еңбек құлдығынан құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысында құлдықта жүрген ресейлік құтқарылды

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шет ауданының қыстақтарының бірінен 44 жастағы ер адамды – Ресей Федерациясының азаматын анықтады. Оның айтуынша, өзін жиырма жыл бойы 44 жастағы жергілікті тұрғын заңсыз жұмысқа жегіп, мәжбүрлі түрде еңбек күші ретінде пайдаланған", – деп жазады "Интерфакс-Қазақстан агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы ("бас бостандығынан заңсыз айыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу