Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесі "Бизнестің жол каратсы – 2020" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алуға өтінім берген кезекті жобалар топтамасын қарады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлерден 11 жоба келіп түскен. Жалпы құны – 1 миллиард теңгеден асады. Қызмет ету саласы әртүрлі – сауда, фармацевтикалық мейрамхана бизнесі, машина жасау және металл өңдеу, стоматологиялық қызметтер. Үйлестіру кеңесінің мүшелері бәрінің өтінішін қанағаттандырды. Бизнесмендер айналым капиталды "Даму" қорының кепілдендіруімен БЖЗҚ қаржысы есебінен толықтыра алады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын болады.
Теміртаудағы үш жоба металл конструкция шығару мен металл өңдеуді дамытумен байланысты. Екі жағдайда кәсіпкерлер шикізат алуға несие алған. "Іңкәр-1" компаниясына цех құрылысына қаржы керек.
Мұндай жобаларды қолдау үш еселік тиімділік береді: өнім шығаруды ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау және қосымша салық алымдары.
Жезқазған кәсіпкерлері мейрамханалар мен көңіл көтеру орталықтарын салуда. Ұсынылған үш жоба мақұлданды.
Қарағандыда тұрмыстық техника сататын ірі көтерме-бөлшек сауда фирмасы мемлекеттік қолдау көрсетуді сұраған. Сонымен қатар, дәріхана мен жеке меншікті стоматология иелері де өтініш берген.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері барлық жобаларды бірауыздан қолдады.