Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылысты рұқсат құжаттарсыз бастаған компаниялардың жаңа тізімін жариялады.
Қарағандыда ондай жеті компания бар екені. Олар:
- "Т-К Building" ЖШС ("Al-Farabi" ТК);
- "ТТ INVEST-2022" ЖШС ("Хан" ТК);
- "Satti Lux Stroy" ЖШС ("Нура" ТК);
- "Elite Home Invest" ЖШС ("Life Garden" ТК);
- "ККК Бетон" ЖШС ("Бақытты Отбасы" ТК);
- "Григорян" ЖК (Ремесленный, 2 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй);
- "Лидер Строй" ЖШС ("Арена" ТК).
Ведомство қарағандылықтарға салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмас бұрын құжаттарды мұқият тексеру керек екенін айтады.
Қосымша ақпарат алу үшін МСҚБ-ға (8-7212) 43-22-43 осы телефондар арқылы хабарласуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу