Қарағанды облысында құс фабрикасының қызметкерлері 6 мың жұмыртқа ұрлаған

361

Келтірілген шығын көлемі 312 мың теңге.

Қарағанды облысында құс фабрикасының қызметкерлері 6 мың жұмыртқа ұрлаған Фото: mySlo

Қарағанды облысында құс фабрикасының қызметкерлері 6 мың жұмыртқа ұрлап, 312 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында 23, 40 және 58 жас аралығындағы үш азаматты ұстады. Оның біріншісі құс фабрикасының жұмыскері болса, қалған екеуі сол жерде күзетші болып жұмыс істеген. Олар өзара сөз байласу арқылы ұрлық жасағандарын мойындады. Жұмыскерлер жұмыртқаны қол сөмкеге салып, өткізу пункті арқылы өткізген, ал күзетшілер оны көрмеген болып, кейін өзара бөлісіп отырған. Осылайша олар бір ай ішінде 6 мың жұмыртқаны қолды қылған", делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу