Қарағанды облысында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізілуде

265

6 қарашадан бастап Қарағанды облысының емханаларында 6 айдан 10 ай 29 күндік сәбилерге қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды. 

Қарағанды облысында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізілуде Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Желтоқсан айында 2 -4 жас аралығындағы балалар вакцинациядан өте алады.

Елдегі қызылша эпидемиологиялық жағдайының асқынуына байланысты нәрестелерге қосымша иммундау енгізілді. Қарағанды облысында сырқаттанушылықтың өсуі маусым айынан бастап тіркелді. Бүгінгі таңда аймақта 300-ден астам диагноз қойылған. Жұқтырғандардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар, олардың 44 пайызы 1 жастан 4 жасқа дейінгі сәбилер.

Сәбилерге бір компонентті үнді вакцинасы егіледі. Ол Қазақстанда 2003 жылдан бері қолданылып келеді және өзін жақсы жағынан көрсеткен.

Ересектер де емханаларда қызылшаға қарсы екпе ала алады. Қызылшамен ауырған, сондай-ақ вакцинацияланған балалар және вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар пациенттер иммундауға жатпайды. Қосымша иммундаудың негізгі мақсаты – қызылша ошақтарын оқшаулау және аурудың одан әрі таралуын болдырмау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу