Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр

885

Жылқы иелері айтарлықтай шығынға ұшырадық деп шағымдануда.

Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр Фото: www.gov.kz

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының 3 ауылында эпизоотиялық лимфангит тіркелген. 2 жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Аумақтық инспекциясының мамандары эпидемия тіркелгенін ресми растады.

Жылқылар арасындағы дертті 2 жыл бұрын Үміткер ауылдық округінің мамандары анықтаған. Жұқпалы мал ауруы ауданның тағы 2 ауылында тіркелген. 

"Карантиндік аймақта Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотикалық ауруларға қарсы республикалық жасағының мамандары жұмыс істеуде. Олардың міндеті – 5 күнде бір рет ірі жылқы үйірлерін айналып өтіп, клиникалық расталған ауруы бар жануарларды оқшаулау. Әр 15 күн сайын ат қораларда дезинфекция жасау. Біз бұл жұмыстардың барысын бақылап отырмыз", – деп түсіндірді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басқармасының басшысы Дархан Иманбаев. 

Төрткөл ауылының тұрғыны Мәдениет Жұмаділдәнің 20 бас малы қырылып қалған. Сонымен қатар, фермер жылқыларын емдеуге де қыруар қаражат жұмсағанын айтады.

"Өткен жылы 10 бас қырылды. Биыл тағы 10 жылқымнан айырылдым. Әлі де кейбір жылқыларым ауырып жатыр. Оларды емдеу және үнемі күтім жасау керек. Бұл қаншама шығын. Бірақ басқа амал жоқ. Әйтпесе, барлық үйірімізден айырылып қаламыз", – дейді Мәдениет Жұмаділда.

Африкалық жұқпалы дерт негізінен тұяқты жануарлар арасында тарайды.

Сарапшылардың пікірінше, ауруды жұқтырған жылқыларда жара пайда болады, содан кейін олар іріңдеп кетеді екен. 

Төрткөл ауылының тұрғындары, егер жауапты органдар қырылған малдың шығынын өтеу процесін жеделдетпесе, құзыретті органдарға жүгінбекші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу