Қарағанды облысында мал ауруы тіркелді

913

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақжал кенттік округінде ірі қараның індетке шалдығуы қарашадан бастап белең алған. Алайда бұл ақпаратты жергілікті билік жариялауға асықпаған тәрізді.  

Қарағанды облысында мал ауруы тіркелді

Ірі қара  жаппай белгісіз сырқатпен ауыра бастаған соң, жергілікті мамандар ірі қараның төлінен алынған сынаманы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Ұлттық референттік" орталығына зерттеуге жіберген. Орталықтың сынама нәтижесі бойынша сиырлар "инфекциялық реновирус" және "вирустық диарея" індетін жұқтырғаны болып шықты.

Індетті тексеру нәтижесі шыққан бойда Ақжал кентіндегі малдарға карантиндік шектеу жарияланып, дезинфекциялық шаралар жасау қолға алынған. Мұндай оқшаулау шарасы бір айға созылады. 

"Ірі қара төліне жұққан індет осы өңірге шетелден әкелген малдардан немесе құстардан жұғуы мүмкін деген жорамал бар. Малдарды оқшаулау карантин енгізілген күннен бастап 30 күнге созылады",- деп мәлімдеді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бастығы Дәулет Әшкербеков.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу