Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1200

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

18 наурыз күні Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық полиция бөліміне 59 жастағы ауыл тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу жайылымда жүрген бір бас ірі қара малын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 мен 30 жас аралықтарындағы үш азамат анықталып, ұсталды. Олар малды атып алу арқылы ұрлағандықтары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс қаруы тәркіленді.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына (Мал ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас тағыда 12 қылмысқа қатысы бар екендіктері анықталды. Алдын ала болжам бойынша келтірілген шығын көлемі 6 млн теңгеден асқан", – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу