Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында мобильді бекеттер қойылды

227

Мобильді бекеттердің негізгі міндеті – ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеріп, олардың құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін бақылау. 

Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында мобильді бекеттер қойылды Фото: polisia.kz

Өңірде мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүлкін қорғау мақсатында 15 қыркүйектен бастап республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 20 мобильді бекет жұмыс істеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеріс жұмыстарына патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық автокөлікті тексеріп, тасымалданған ет өнімдерінің құжаттарын бақылаудан өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу