Қарағанды облысында мамыр мерекелерін тойлау басталды

151

Мерекелік бағдарлама өте ауқымды.  

Қарағанды облысында мамыр мерекелерін тойлау басталды Фото: gov.kz

Қарағанды облысында 27 сәуірден бастап бірден үш мамыр мерекесіне – Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған іс-шаралар циклі басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түрлі концерттер, фестивальдер, челлендждер, патриоттық және қайырымдылық акциялар ұйымдастырылады.

Қарағанды облысында 27 сәуірден бастап бірден үш мамыр мерекесіне – Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған іс-шаралар циклі басталады. 

Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикеновтің айтуынша, 1 мамырға орай облыста 120-дан астам іс-шара жоспарланған.

30 сәуірде Қарағандыда Достық үйінің алдындағы алаңда жастар мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен "Бірлігіміз берік!" атты патриоттық флешмоб өтеді. Іс-шара соңында көрермендер "Қара жорға" биінің жаппай орындалуын тамашалайды.

Сол күні "Қайырымдылық керуені" акциясы басталып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіледі

1 мамырда барлық қала мен аудандарда мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Облыс орталығында басты алаң Орталық саябақ болады. Мұнда "Бірлік – ел тірегі" атты концерт өтіп, танымал өнерпаздар мен этномәдени бірлестіктер өнер көрсетеді. Арнайы шақырылған қонақтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова және VanGogh вокалды-инструменталдық ансамблі.

Сонымен қатар қолөнершілер жәрмеңкесі мен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері өтеді.

7 мамырға орай әскери қызметшілерді, құтқарушыларды және құқық қорғау органдары қызметкерлерін құрметтеуге арналған іс-шаралар жоспарланған. Қарағанды, Теміртау, Балқаш және өзге де қалалардағы әскери бөлімдерде мектеп оқушылары үшін ашық есік күндері мен экскурсиялар өткізіледі.

Негізгі іс-шаралар қатарында:

  • "Жас сарбаз – 2026" облыстық әскери-патриоттық ән фестивалі – 5 мамыр, Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
  • Облыстық үрмелі аспаптар музыкасы фестивалі – 6 мамыр, Теміртау қаласындағы "Восток" саябағы. Мұнда жеті үрмелі аспаптар оркестрі және Т.Бигелдинов атындағы әскери колледждің барабаншылары өнер көрсетеді;
  • Мерекелік концерттер – 7 мамырда Қарағандыда Орталық саябақта, Теміртауда қаланың орталық алаңында өтеді.
  • Сонымен қатар "Ерлік сабақтары", оқу-дала жиындары, "Сарбазға хат" акциясы және әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімдері жоспарланған.

9 мамырға орай өңірде еске алу және патриоттық іс-шаралар өтеді.

Қазірдің өзінде "Ер есімі – ел есінде" атты дәстүрлі онлайн-акция басталып, тұрғындар соғысқа қатысқан туыстары туралы естеліктерімен бөлісуде.

Волонтерлер "Ардағым ардагерім" акциясы аясында ардагерлерге көмек көрсетеді. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы шеңберінде мемориалдар мен ескерткіштердің маңы абаттандырылады.

Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде қазақстандық батырлардың ерлігін ұлықтауға бағытталған республикалық патриоттық челленджге қосылады (#Батырдыңұрпағымын, #МояИсторияПобеды, #ГолосИстории және т.б.).

4 мамырда Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында "Ардагерлер ән салады" облыстық хор ұжымдарының фестивалі өтеді.

9 мамырда облыстың барлық қала және аудандарында гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үйлерінде құрмет көрсетіледі. Қарағандының Орталық саябағында "Ерлікке тағзым" атты концерт өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу