Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен кетті

770

Ауыл басшысы осыған дейін де мас күйінде көлік тізгіндеген. 

Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен кетті Фото: freepik

Қарағанды облысына қарасты Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде әкімді 7 наурыздан бастап атқарып отырған мемлекеттік қызметінен босату туралы шешім қабылданған.

Шенеунік қызметтік тергеу барысында қызметтік әдеп нормаларын бұзғанын мойындады. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

“Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша Бұқар жырау ауданының әкіміне Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 6 және 10 - тармақтарының 4, 5 және 8-тармақшаларын сақтамағаны үшін атқаратын қызметінен босату ұсынылды”, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім ұсталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу