55 млн теңге айыппұл және өмір бойына тыйым: Қарағандыда екі шенеунік cотталды

284

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысына қатысты үкім кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

55 млн теңге айыппұл және өмір бойына тыйым: Қарағандыда екі шенеунік cотталды Фото: Видеодан скриншот

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы Д. Хамзинге және осы Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.

Хамзин Қазынашылық Департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғанына кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, ол Қашқынбаевпен бірлесіп олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды.

– Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу