Қарағанды облысында мұз жару басталды

1131

Жарылыс жұмыстары Жарлы және Ежебай өзендерінде өтті. Наурыз айының соңына дейін мұз Бұқар жырау, Осакаров, Нұра және Абай аудандарының су қоймаларында жүргізіледі.

Қарағанды облысында мұз жару басталды

Қарағанды облысында су қоймаларында, көпірлер мен жолдар маңында мұз жару басталды. Бұл шаралар мұз еру кезінде кептеліс пайда болып, сідың арнасынан аспауы үшін қажет, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

19 наурызда Нұра өзенінде, "Павлодар-Қызылорда" тас жолындағы көпір ауданында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Оларды мердігер фирма "Нартас" ЖШС жүзеге асырды. 

Мұзда 123 шұңқыр қазылып, әрқайсына бес килограммнан жарылғыш зат салған. Жарылыс алаңы 700 шаршы метрді құрады. Ол Нұра өзеніндегі 50-ден 150 см-ге дейінгі қалыңдықтағы мұзды жаруға жеткілікті. 

"Су тасқынына дайындық шеңберінде облыстың өзендері мен су қоймаларында мұз жару және қопсыту бойынша іс-шаралар әзірленді. Бұл қар суы өзен арнасына бара жатқан кезде кептеліс болмауы үшін қажет. Негізінен біз бұл жұмыстарды көпірлер мен жолдарға жақын жүргіземіз",– деді Қарағанды облысының ТЖ департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев. 

Жарылыс жұмыстары Жарлы және Ежебай өзендерінде өтті. Наурыз айының соңына дейін мұз Бұқар жырау, Осакаров, Нұра және Абай аудандарының су қоймаларында жарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу