Қарағанды облысында мыс өндіретін зауыт ашылды

728

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Борлы кен орнында "IrKaz Metal Corporation" ЖШС катодты мыс өндіретін зауыты ашылды деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарағанды облысында мыс өндіретін зауыт ашылды Фото: gov.kz

Қазақстан-Иран бірлесіп ашқан өндірістің қуаттылығы - жылына 5 мың тонна. Жоба бойынша инвестиция сомасы 140 тұрақты жұмыс орнын құрумен 11 млрд теңгені құрайды. Инвестор инвестициялық келісімшартқа Kazakh invest көмегімен қол қойды.

Салтанатты ашылуда Иран тарапынан "Kavand Nahan Zamin" компаниясының бас директоры Алиреза Мохсен Зияйя, "Iranian Mines and Mining Industries Development and Renovation Organization" басшысы Ваджихолах Джафари, Иранның Қазақстандағы Елшісі Маджид Самазаде Сабер және "Irkaz metal Corporation" компаниясының бас директоры Али Самарех Хашеми құттықтау сөз сөйледі. Қазақстандық тараптан Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова, Қарағанды облысы Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Андрей Уманцев және Қарағанды облысы бойынша Kazakh invest өңірлік директоры Мәди Исекеев сөз сөйледі.

Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары қарқын алып келеді. Биыл маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға сапармен барды, онда біздің елдеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын келісімдерге қол қойылды. Маңызды келісімдердің бірі – Иран азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізу. Қазірдің өзінде ирандық кәсіпкерлер бұл артықшылықты толық пайдалануда, ирандық компаниялардың Қазақстанға сапарлары тұрақты түрде ұйымдастырылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу