Қарағанды облысында Наурыз мерекесіне орай 300-ден астам киіз үй тігіледі

776

Қарағандыда 31 киіз үй тігілмек. 

Қарағанды облысында Наурыз мерекесіне орай 300-ден астам киіз үй тігіледі Фото: Новое Телевидение

Облыс елдімекендерінде киіз үй қалашықтары орнатылып, барлығы 302 киіз үй тігіледі. Бұл туралы Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов аппараттық жиналыста хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Мерекеге орай Қарағандыда этноауыл түрінде 31 киіз үй тігіледі. Сонымен қатар Қазыбек би ауданында 20 киіз үй, орталық саябақта – 15, Достық үйінің жанында – 5, Ә.Бөкейхан ауданында – 11, "Жаңа Майқұдық" мәдениет үйі жанында – 5, "Теміржолшылар" мәдениет үйі жанында – 3, "Молодежный" мәдениет үйі жанында 3 киіз үй орнатылмақ.

Халықтың жаппай серуені қаланың орталық көшелерінде киіз үйлер тігілетін жерлерде өткізіледі. "Ұлыстың ұлы күні", "Наурыз мерекем, наурыз берекем!" атты театрландырылған қойылымдары болады деп күтіліп отыр.  Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша конкурстар да өтпек.

22 наурызда Қарағандыдағы Орталық саябақта палау, бауырсақ пен наурыз көже тегін таратылады. Жалпы қаладағы мерекелік іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу