Қарағанды облысында оқ өтпейтін әйнектен учаскелік бекет салынды

808

Келесі жылы Қарағандыда, Теміртау мен Жезқазғанда осы секілді 10 бөлімше ашу жоспарланған.

Қарағанды облысында оқ өтпейтін әйнектен учаскелік бекет салынды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында республика бойынша алғашқы мөлдір учаскелік полиция бөлімі ашылды. Ашық формат тәртіп сақшыларына азаматтармен өзара қарым-қатынасты жақсартып, халықтың сенімін арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Полицейлердің жаңа жұмыс жағдайларымен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты. 

"Өткен жылы біз осындай нысанды салу туралы облыс басшылығына ұсыныспен шықтық. Аймақ басшысы оны қолдады. Бюджеттен қаражат бөлінді – шашамен 60 млн теңге. Осы жылдың наурызында құрылыс басталды да, қыркүйекте аяқталды, - деді облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров. – Ең бастысы – ол мөлдірлік. Баршаға есік ашық. Жайлылық та қамтамасыз етілген. Зоналық полиция бөлімі қала тұрғындары үшін қолжетімді болуы үшін қала орталығына көшірілді. Мұнда тәулік бойы жол-патруль полициясының қызметкерлері күзет жүргізеді, сондай-ақ учаскеліп полицейлер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі және пробация қызметінің инспекторлары жұмыс істейді". 

Ғимарат оқ өткізбейтін әйнектен салынған. Көшеден іште не болып жатқанның барлығы көрініп тұрады. Кабинеттер бейнекамералармен жабдықталған. Келген азаматтар кеңес алады, және олардан жедел түрде өтініштер қабылданады. 

Учаскелік полиция бөлімі толығымен компьютерлендірілген. Барлық құқық қорғау органдарының мәліметтер базасына кіру мүмкіндігі бар. Ол жеткізілген тұлғаларды барлық есептеулер бойынша тексерістен өткізуге: іздеуде болған-болмағаны, айыппұлдар бойынша қарыздары бар ма, жоқ па, бұрын-соңды сотталған ба және т.б. сауалдарға жауап алуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу