Қарағанды облысында өрт салдарынан 1 адам қаза тапты

648

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Айрық ауылында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 1 адам қаза тапты. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрайды, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында өрт салдарынан 1 адам қаза тапты Фото: ҚР ТЖМ

"Төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызметі келгенге дейін өрт ауыздықталды. Оқиға орнында 1972 жылы туған жалдамалы жұмысшының мәйіті табылды", - деп хабарлады ведомство.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, 27 қараша күні Алматыда 5 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт болған. Қызыл жалын бесінші қабаттағы пәтердің балконына таралған. Өрттің жалпы ауданы – 40 шаршы метр. ТЖД күшімен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

"Өрт бір сағаттан аз уақыт ішінде жойылды. Көміртегі тотығымен уланған,  мас күйде болған 1970 жылғы пәтер иесі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы – орташа ауыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы, Алматы қаласы ТЖД 10 бірлік техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу