Қарағанды облысында өрт сөндірушілер жаппай жұмыстан кетіп жатыр

985

Қарағанды облысында өрт сөндірушілер жаппай жұмыстан кетіп жатыр

Қарағанды облысының өрт сөндіру бөлімшелерінде өрт сөндірушілер мен өрт сөндіргіш көліктердің жүргізушілері жаппай жұмыстан шығып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, штаттың толық құрамы үшін 44 өрт сөндіруші және 52 өрт сөндіру көліктерінің жүргізуші қызметкерлері керек.

"Мамандар көп ауысады. Үнемі күйзеліс жағдайында жұмыс істегендіктен, сондай-ақ жарақат алу қаупі болғандықтан, оның үстіне өрт кезіндегі жоғары температура, зардап шеккендіктің салдарынан өз еріктерімен жұмыстан кетеді. Біраз бөлігі зейнеткерлікке шығып жатыр. Біздің қызметте зейнет жасы - 47", - деді Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жанна Дәуренбекова.

Өрт сөндірушінің жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты - 50 436 теңгеден 76 097 теңгеге дейін. Жұмыстан кетіп жатқан өрт сөндірушілер жалақының аздығына шағымданады. Бастапқыда бәрі өрттен зардап шеккен адамдар мен олардың мүліктерін құтқаруға деген талпыныспен келеді, кейіннен өрт сөндіруден қолдары босаған уақыттарда түнгі уақытта такси жүргізушісі болып қосымша табыс тауып жүреді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу