Қарағанды облысында осал топтағы әйелдер 8 наурызға орай төлемдер мен азық-түлік себеттерін алады

477

Халықаралық әйелдер күніне қарастырылған қолдау шараларымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан жалпы сомасы 17 млн теңгеге 6 573 әйел қамтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында осал топтағы әйелдер 8 наурызға орай төлемдер мен азық-түлік себеттерін алады Фото: inbusiness.kz

Приозерск пен Ақтоғай ауданындағы жергілікті бюджет қаражатынан балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын көп балалы аналарға материалдық көмек беріледі. Ал Саранда оны ең төменгі зейнетақымен лайықты демалыста жүрген әйелдер алады.

Бюджеттен тыс көздерден басқа қалалар мен аудандардың тұрғындарын да мерекемен құттықтау жүзеге асырылады. Мәселен, азық-түлік жиынтықтары келесі санаттағыларға тиесілі:

- Қарағандыда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар әйелдерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қызмет көрсететіндерге;

- Балқаш және Саран қалаларында мүгедектігі бар тұрғындарға;

- Бұқар жырау ауданында әлеуметтік осал отбасыларға;

- Ақтоғай ауданында зейнеткерлерге, мүгедек әйелдерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға;

- Шахтинск қаласында мүгедек тұрғындар, зейнеткерлер, аз қамтылған отбасыларға;

- Приозерск қаласында жалғыз басты зейнеткерлерге;

- Абайда тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға.

"Сонымен қатар Қарағанды, Приозерск, сондай-ақ Ақтоғай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында қайырымдылық акциялары жоспарланған. Мерекелік түскі асқа мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы әйелдер шақырылады. Бұқар жырау және Нұра аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерге көмір сатып алуға көмек беріледі", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу